​Түлкібаста көлік ішінен 20 келіден астам есірткі табылды

Теги:
215

Түркістан облысы Түлкібас ауданында көлік ішінен ірі мөлшердегі есірткі заты табылды. Полицейлердің дерегінше, тәртіп сақшылары “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” автожолында “Субару” маркалы автокөлікті тоқтатқан. Жедел уәкілдер тінту жүргізу кезінде көліктің жүксалғышынан ішінде есірткіге ұқсас заты бар 4 қап пен өсімдік тектес темекі қорабын тапты. Көлік жүргізушісі бұрын сотталған Түлкібас ауданының тұрғыны болып шықты.

Күдіктіден алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған айғақты заттар жалпы салмағы 20 келіден асатын “кептірілген марихуана” есірткісі екені расталды.

«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша “Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу” бойынша тіркелді. Күдікті қамауға алынды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Шымкентте дәстүрлі байқаудың жеңімпазы марапатталды
Келесі пост
​Тамаққа тапсырыс берген Шымкент тұрғыны жарты млн теңгесінен айырылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu