«Тәп-тәтті»: Жол бойынан қаз-қатар тізіліп өткен бүлдіршіндер көпті тәнті етті

Теги:
365

Бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде жол бойынан қаз-қатар тізіліп өткен балабақша бүлдіршіндері көпті сүйсіндірді. Балақайлардың видеосын ТікТок қолданушысы парақшасына жүктеген. Автордың айтуынша, видео Алматыда түсірілген. Онда балаларды тәрбиешілер жетектеп барады. Балабақша қызметкері қолына ұзын жіп ұстап алған. Ал оның соңынан ерген бүлдіршіндер сол жіпті ұстап, біркелі жүріп бара жатады. Балалардың соңынан келе жатқан тағы бір ересек адамды көруге болады.

Бұл көріністі көрген желі қолданушылары өздерінің бала күндерін еске түсіріп, тәрбиешінің ақылдылығына риза болды.

«Лайфхак», «Жандарым, тәп-тәтті өздері», «Қандай сүйкімді», «Тәтті балапандар», «Аман болыңдаршы», «Мына балаларға қарап отырып сүйсінесің. Еліміз аман болсын», «Кәдімгідей үлкен адамдар сияқты ешнәрсені бүлдірмей өтіп бара жатыр», «Бізді де кезінде балабақшада осылай алып жүретін», «Мұндайды сирек көресің», «Тәрбиешілері, жарайсыз» деп жазды желі қолданушылары.

Алдыңғы пост
Биыл елімізде дүниеге келген сәбилер саны азайған
Келесі пост
Алматыда өз әжесін өлтіріп, мәйітін өртеп жіберген 18 жастағы жігіт сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu