Тұран шағынауданындағы оқушылар сарайының құрылысы келесі жылы аяқталады

Теги: ,
247

Тұран шағынауданында Оқушылар сарайының құрылысы басталды. Қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге құрылыс алаңында болып, жұмыс қарқынын қадағалады.

Заманауи талапқа сай бой көтеретін ғимаратта оқушылардың сабақтан тыс уақытта әр түрлі үйірмелерде шығармашылық, спорттық, ғылыми, мәдени бағытта дамуына барлық жағдай жасалады. 3 блоктан тұратын 3 қабатты ғимараттың жалпы сыйымдылығы 500 орындық. Жобада 35 орынға арналған асхана, 80 көлікке арналған автотұрағы қарастырылған.

Құрылысы мамыр айында басталған ғимарат жоспарға сай келесі жылы қолданысқа беріледі. Құрылыс жұмыстарына әзірге 50 адам 4 техника жұмылдырылып отыр. Осыған дейін мұнда жер қазылып, іргетасының жартысынан астамы құйылған. Қазір қабырғалар тұрғызылып, бағаналар орнатыла бастады.

М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыстың өндірістік кестеге сай жүргізілуін бақылауға алып, сапасыздыққа жол бермес үшін жұмыс барысында тиісті талаптарды назарға алу қажеттігін ескертті.

Айта кетейік, қалада 2025 жылға дейін тағы 3 оқушылар сарайы мен 8 өнер мектебі салынады. Бұл орталықтар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда, жан-жақты дамытуда маңызы зор.

Айта кетейік, бұған дейін, Шымкент жұртшылығы көптен күткен «Нұрсәт» шағынауданында бой көтерген Оқушылар сарайы қала күніне орай қолданысқа берілген болатын. Мегаполистің кескін-келбетін айшықтайтын 500 орындық сәулетті ғимарат балалар шығармашылығын дамытуға жол ашады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануына мүмкіндік беретін жаңа алаңды аралап көрген. “2025-2026 жылдарға дейін қаламызда тағы 3 өнер мектебін салуды жоспарлап отырмыз. Тұран шағынауданында қазір бір мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Осылайша, алдағы уақытта әр ауданда Оқушылар сарайы іске қосылады. Мұндай орталықтар жас буынның шығармашылығын шыңдап, жан-жақты дамуына жол ашады” – деді М. Дүйсенбекұлы.

Сонымен қатар, жастардың уақытын тиімді пайдалану үшін, Бозарық шағынауданында №20 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылған еді. Қала әкімі М.Әйтенов бұқаралық спортты дамытуға мүмкіндік беретін заманауи талапқа сай жабдықталған жаңа ғимаратты да өзі аралап танысып шыққан болатын.

Спортты серік еткен елдімекен жастары енді қала орталығына қатынамай, жақын аумақтағы жаңа үлгіде бой көтерген нысанда спортпен шұғылданады. Спорт мектебі 3 ауысымда жумыс істейді. Әр ауысымда 10-23 жас аралығындағы 100 спортшы жаттыға алады.

Алдыңғы пост
Инвесторлар ең үлкен қоқыс өңдеу зауытын салады
Келесі пост
Ә.Қастеев атындағы колледж жатақханасы күрделі жөндеуден өтуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu