Түркістан облысында бір күнде 2 заңсыз ойын бизнесін дөңгелеткен кәсіпкер анықталды

Теги:
299

Түркістан облысы, Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік-профилактикалық іс-шараның бір күнінде 2 ойынхананы анықтап, қылмыстық іс қозғады. Нақтырақ айтсақ, полицияға жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын көрсетті.

Хабар келіп түскен бойда тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада жеткен. Тексеру барысында 8 дана монитор процессор, 1 дана сканерімен бірге кассалық аппарат, 1 дана ойын ойнауға арналған үлкен ойын аппарат-терминалы тәркілеп алынды. Ойын залының әкімшілік қызметкерінен 100 000 теңгеге жуық ақша табылды.

«Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесі ұйымдастырылған тағы да бір орынды анықтады. Тексеру кезінде айғақты зат ретінде 7 дана процессор, 7 дана экран, 3 дана теледидар, 1 дана кассалық аппарат пен 9 000 теңге ақшаны тәркіленіп алынды. Алынған техникаларға сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп атап өтті облыстық Полиция департаменті.

Алдыңғы пост
Сарыағашта электр шәйнегі шығарыла бастады
Келесі пост
Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu