Түркістан облысында әкесі мен ұлы мал ұрлаумен айналысып келген

Теги:
336

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында әкесі мен ұлы жайылым жерлерден мал ұрлап, оны Шымкенттегі базарда сатып келген. Ал тапқан табысты өз қажеттіліктеріне жаратып отырған.

Арнайы рейд кезінде Тасқұдық ауылының жайылымдық жерінде түнгі уақытта жүрген күмәнді «Газель» көлігі полицейлердің көзіне түскен.

Оқиға орнына бірден барған тәртіп сақшылары мал ұрлығы қылмысының үстінен түсті. Екі ер азамат өзгенің сиырын ұрламақ болып, аяқтарын байлап, көлікке тиеп жатқан. Олардан айғақты зат ретінде «Газель» автокөлігі, 1 бас ірі қара мал және көліктің жалған мемлекеттік нөмірі тәркіленіп алынды.

Тәртіп сақшылары мал ұрыларын полиция бөліміне жеткізді. Күдікті екеу Қазығұрт ауданының тұрғындары, әкесі мен ұлы болып шықты. Ал егде жастағы ер адам бұрын да дәл осындай қылмыс жасап бірнеше рет сотты болған.

Анықталғандай, әкесі мен ұлы оңай жолмен пайда табу мақсатында жайылымда қараусыз жүрген малдарды жымқырып отырған. Күдіктілер жоғарыдағы қылмыс қана емес, басқа да тұрғындардың жылқы-сиырларын ұрлап, материалдық шығын келтірген. Олардың жалпы жыл басынан бері 8 жайт мал ұрлығы қылмысына қатыстылығы дәлелденді.

Осы уақыт аралығында әкесі мен ұлы 28 бас ірі қара малды, 6,5 миллион теңгеге залал келтірген.

«Күдіктілер түнгі уақыттарда Сарыағаш, Қазығұрт аудандарында жайылымда қараусыз жүрген ірі қара үй жануарларын діттеп, өздерінің «Газель» маркалы жүк көліктеріне санаулы минуттар ішінде тиеп әкетіп отырған. Содан соң олжалаған малды Шымкент қаласындағы мал базарлардың бірінде сатып, пайда тапқан. Төрт түлікті базарға алып барған уақытта көліктерінің мемлекеттік нөмірін ауыстырып, жалған нөмір тағып алып жүрген. Қазіргі таңда ұсталған екеу қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Алдыңғы пост
Елордада жас жігіттің бейтаныс адамды соққыға жаққан сәттің видеосы пайда болды
Келесі пост
Алматылық жұп туғанына алтын күн болған сәбиін 2 млн-ға сатпақ болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu