Түркістан облысында Toyota Alphard аударылып, 3 адам қаза тапты

Теги: , ,
372

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам мерт болды. Оқиға бүгін, 18 тамыз таңғы сағат 05:00 шамасында Шымкент – Самара тас жолының 58-шақырымында болған.

Полицейлердің анықтауынша, Алматыдан Қызылорда қаласына бет алған Армения нөмірлі Toyota Alphard автокөлігінің артқы дөңгелегі жарылып, жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан жол жиегіне аударылып кеткен. Жол апатынан 2 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы 1 адам ауруханада қайтыс болды. Ал 3 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Polisia.kz  жазуынша, тексеру барысында көліктің дөңгелегі қыс мезгіліне арналғаны, яғни жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Одан бөлек техникалық жағдайы төмен деңгейде (ескі) болған. Оқыс оқиға орын алмас бұрын жүргізушіге Түркістан, Жамбыл облыстарының патрульдік полиция қызметкерлері жолда сақ болуын, жылдамдықты асырмауын, егер шаршаған жағдайда аялдап тынығып алуын ескерткен екен.

Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Алдыңғы пост
1 қыркүйектен бастап шәкіртақы қанша пайызға өседі?
Келесі пост
Шымкентте төрт күнде 74 көлік айыптұраққа қойылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu