​Түркістан облысында жас жұбайлар үйлену тойын әнұранмен бастады

Теги:
454

Түркістан облысы Шәуілдір ауылында ерекше той өтті. Жас жұбайлардың неке қию рәсімі Республика күнімен тұспа-түс келген. Ұлттық мерекеге орай шаңырақ иелері салтанатты тойды Мемлекеттік әнұранмен бастаған. Бұл сәттің видеосын Facebook қолданушысы Ақмарал Молдиярқызы парақшасында бөлісті.

«Республика күнін Мемлекет басшысы айтқандай ұлттық мерекеге айналдырған той өтіп жатыр біздің өңірде! Ол – Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ-нің қызметкері Мейржан Сайфуллаевтың шаңырақ көтеру тойы. “Естімеген елде көп”, еліміздегі Әнұранмен ашылған алғашқы той, Мейіржан мен Ақботаның салтанатты түрдегі неке қию рәсімі. Мейіржанның қызмет барысындағы патриоттық рухы отбасын құрған алғашқы күннен басталып отыр. Құтты шаңырақтың мемлекетшіл ұрпағы көп болсын!» деп жазды автор.

Видеоны көрген желі қолданушылары жас жұбайлардың бұл шешіміне тәнті болып, жастарға бақыт тіледі.

Белгілі болғандай, күйеу жігіт Мейіржан Сайуллаев Түркістан облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің маманы екен. Жасы 28-де. Ал қалыңдық – дәрігер, 22 жаста.

Алдыңғы пост
Шымкент әкімдігі көшелерді су басу жағдайына түсініктеме берді
Келесі пост
Қазақстанда Қырғызстанның мәдениет күндері басталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu