Түркістан қалласында 10 соттық 2 жер телімін сатып алмақ болған жергілікті тұрғынды таныс келіншек сазға отырғызып кеткен. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне таныс әйел екі жер телімін алып беремін деп 1 миллион 600 мың теңгесін. Алайда бүгінгі күнге дейін не жер алып бермеген, ақшасын да қайтармаған. Жәбірленушінің арызы Қылмыстық кодекстің190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Күдікті ретінде орта жастағы әйел тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Ол жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғын болып шықты.
«Белгілі болғандай, күдікті осындай жалған уәде айтып, тағы бір тұрғынды алдап үлгерген. Оның жалпы 2 алаяқтық қылмысына қатысы бары анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 3 миллион теңгеге жуық. Ол қаражатты өзінің қажеттілігі үшін жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді ведомстводағылар.