​Түрмеге әкелінген тұшпара ішінен есірткі шықты

Теги: ,
402

Қызылордада қатаң режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген танысына есірткі жекізбек болған тұрғын ұсталды. Түрмеге келген ер кісі сәлем-сауқат ретінде тамақ алып келген. Ол облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде Қылмыстық кодекстің 106-бабы 2-бөлігімен және 14-бабы 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге сотталған жазасын өтеушімен кездеспек болған. Polisia.kz жазуынша, мекеме қызметкерлері тексеру барысында тұшпара ішінен 18 дана өзіне тән хош иісі бар шөп тектес және 27 ақ түсті дәріге ұқсас затты анықтады.

Дереу “102” нөміріне хабарланып, түзеу мекемесіне жедел-тергеу тобы жетті. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, нәтижесінде салмағы 25,01 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
​Әкімдікте істейтін танысына сенген шымкенттік оңбай алданды
Келесі пост
​Түркістан облысында бірнеше көлік соқтығысып қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu