Шымкент тұрғыны баспана аламын деп жиған-терген ақшасынан айырылды. Оның айтуынша, 7 жылдан бергі танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы жеңілдетілген жолмен, яғни әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға беріліп жатқан пәтерлердің бірін алуға көмектесемін деп уәде еткен. Ол үшін 2 миллион теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп кеткен.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру жұмыстары кезінде күдікті әйел екі тәулікте қала аумағынан ұсталды. Ол Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.Үш баланың анасы, жұмыссыз.
Келіншек оңай жолмен тапқан ақшаны жаратып жіберіпті. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.