Шымкенттік жас жігіт үйіне ас-ауқатқа тапсырыс беремін деп 500 мыңнан астам теңгесінен айырылды. Жәбірленушінің айтуынша, екі жылдан бергі танысы арнайы мәзір арқылы тамаққа тапсырыс беремін деп ұялы телефонын сұрап алып, ондағы банк қосымшасы арқылы 500 690 теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған. Осылай деген жас жігіттің арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
«Жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде күдікті тәулік ішінде қала аумағында ұсталды. Ол Түркістан облысы Ленгір қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, жұмыссыз. Жас жігіт оңай олжаны өз қажеттілігіне жаратып жебірген. Тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.