«Телефонмен сөйлескен»: Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген ер кісіге сот үкімі шықты

Теги:
456

Ақмола облысы, Көкшетау қаласында өз әйелін қызғаныштан пышақтап өлтірген 52 жастағы ер кісі сотталды. Қанды оқиға биыл ақпан айында болған. Спирттік ішімдік ішкен азамат әлдекіммен телефонмен сөйлескені үшін әйелін пышақтаған. Пышақ жәбірленушінің іш қуысына қатты кіріп кетіп, ол оқиға орнында көз жұмған.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, көкшетаулық тұрғын өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтқан.

«Күдіктінің кінәсі сот сараптамасы арқылы дәлелденді. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Оған қатаң режимдегі колонияда 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы зардап шеккен тарапқа 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян өтемақысын төлеуге міндеттелді», – деді ведомствадағылар.

Алдыңғы пост
Шымкент кәсіпкерлері мемлекеттік грант алуға өтінім бере алады
Келесі пост
Әйелімен ұрысып қалған еркек өз үйіне ұрлыққа түскен

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu