Әйелімен ұрысып қалған еркек өз үйіне ұрлыққа түскен

Теги:
233

Түркістан облысы, Сайрам ауданында күйеуімен жанжалдасып қалған келіншек полицейлерге шағым түсірген. Ол өз арызында төркінінде жүрген уақытта үйіндегі «Филипс» маркалы теледидар мен бұрғылау құрылғысы қолды болғанын көрсеткен. Келтірілген жалпы шығын көлемі – 270 000 теңге.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Полиция қызметкерлері хабар алған бойда ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ер адам анықталды. Ол арыз жазған келіншектің азаматтық некедегі күйеуі. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші өзара келісімге келе алмай, жанжалдасып қалған екен. Сол кезде келіншек өзінің туыстарының үйіне кетіп қалған. Арада 2-3 күн өткен соң үйіне қайтып келгенінде азаматтық некедегі күйеуі үйіндегі заттарды ұрлап, белгісіз жаққа қашып кеткен.

Алдыңғы пост
«Телефонмен сөйлескен»: Қызғаныштан әйелін пышақтап өлтірген ер кісіге сот үкімі шықты
Келесі пост
Пәтер кезегін жылжытып беремін деген әйел тұрғындарды 14 млн теңгеге сан соқтырып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu