Тереңдігі 4 метр құдыққа құлап кеткен әжей аман қалды

Теги: , ,
510

Қызылордада 76 жастағы зейнеткер тереңдігі 4 метрге жететін құдыққа құлап кеткен. Құтқарушылар әжейді аман алып қалды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға бүгін 25 шілдеде таңғы уақытта Қазалы ауданында болған. Бұл туралы 112 құтқару қызметіне таңғы сағат 7 шамасында хабар келіп түскен.

Белгілі болғандай, 1947 жылғы үй иесі ауласындағы тереңдігі 4 метрлік ауыз суға арналған құдыққа ағаш саты арқылы түскен. Онда су сорғысын алу кезінде саты сынып кетіп, құлап кеткен. Мамандар тұрғынды саты және құтқару арқанының көмегімен сыртқа алып шыққан. Қарт тұрғын жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Алдыңғы пост
Елімізде дәптерге деген сұраныс артып келеді
Келесі пост
1-сыныпқа құжат қабылдау бір аптадан соң аяқталады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu