413
Қызылордада мұз қатқан канал суынан белгісіз ер кісінің мәйіті табылды. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Бейнежазбадан үстіне футболка мен бұтына шалбар киген ер азаматтың мұз астында қатып қалғанын байқауға болады. Мұз үстінен мәйіттің иегі мен тек екі қолы ғана шығып тұр. Ал сыртқы киімдері канал маңында жатыр.
Қызылорда қалалық полиция басқармасының мәліметінше, мәйіт 3 желтоқсан күні табылған. Бұл туралы куәгерлер 120 арнасы арқылы хабарлаған. Қазіргі таңда кісі өлімі жайты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында мәйітке сот-медициналық сараптама тағайындалды. Алдын ала мәліметтер бойынша өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады.