376
Оқиға кеше, 12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында болған. 102 арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден белгісіз әйел азаматының секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түскен.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жеткен. Тексеру барысында тұрғынның қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайы анықтап жатыр.