Жамбыл облысының Полиция департаменті ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысқан ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді. Бір мезгілде ұстау операциясы кезінде қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш», «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді.
«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.