Жамбылда есірткі сатумен айналысып келген қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Теги:
248

Жамбыл облысының Полиция департаменті ұзақ мерзімді жедел іс-шаралардың нәтижесінде аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын өткізумен айналысқан ұлтаралық қылмыстық топқа қатысты ауқымды арнайы операция жүргізді. Бір мезгілде ұстау операциясы кезінде қылмыстық топтың 6 мүшесі ұсталды. Тінту шаралары барысында ұсталғандардан 1 келі 280 грамм «героин» есірткісі, сондай-ақ «гашиш», «кептірілген марихуана» және синтетикалық есірткі тәркіленді.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Барлық ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қазіргі уақытта есірткі заттарының облыс аумағына түсу арналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Мұғалім боп жұмысқа тұрмақ болған жас жігіт қомақты қаржысынан айырылды
Келесі пост
Шымкентте ювеналды соттар қалай жұмыс істейді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu