Жамбылда жас сарбаз бірнеше үйге кіріп, әйелдерді ұрып-соққан

386

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында сұмдық жағдай орын алды. Оқиға 12 желтоқсан күні болған. Полицейлерге әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.

Анықталғандай  сарбаз кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы әйелді ұрып-соққан. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы әйел адамдарын соққыға жыққан. Олардың бірінің үйіндегі жолдасы жас сарбазды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.

«Шақырту бойынша шұғыл жеткен тәртіп сақшылары 22 жастағы әскери қызметшіні полиция бөліміне жеткізіп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді. Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен Қылмыстық кодекстің 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды» деп атап өтті облыстық Полиция департаментіндегілер.

Алдыңғы пост
Қызылордада екі күзетшінің өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды
Келесі пост
Түркістанда бір топ жігіттің төбелескен сәті видеоға түсіп қалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu