307
Ақмола облысы Астрахан ауданының 29 жастағы тұрғынының қылмысы әшкере болды. Ол микроқаржы ұйымы арқылы несие алып, оны төлемеудің оңай жолын іздеген. Жас жігіт полицияға арызданып, белгісіз адам оның атына 152 мың теңге көлемінде несие рәсімдегенін көрсеткен.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-тергеу іс-шаралары барысында арыз берушінің өтірігі ашылды. Ол онлайн-несиені өзі рәсімдегегені, оған қатысты алаяқтық әрекеттер жасалмағаны және қандай да бір мүліктік зиян келтірілмегені анықталған.
«Тергеу барысында ауыл тұрғыны бұл әрекетін мойындады. Аталған факті Қылмыстық кодектің 419-бабы “Көрінеу жалған сөз жеткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеді» делінген ведомство мәліметінде.