Жас жігіттен үнсіздік үшін 1 млн-ға жуық теңге бопсалағандар ұсталды

Теги: , ,
436

Жамбыл облысы Тараз қаласында ақша бопсалау қылмысы ашылды. Күдіктілер жас жігіттен үнсіздік үшін 1 миллион теңгеге жуық ақша талап еткен.

Полицияға  бопсалау дерегі туралы облыс орталығының 24 жастағы тұрғыны шағымданды. Жас жігіттің айтуынша, бірнеше адам бопсалау және қоқан-лоққы көрсету арқылы интимдік сипаттағы бейнежазбаны таратпауы үшін оның 990 мың теңгесін иемденген.

Қылмыстық кодекстің  194-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полицейлер 1994, 1995, 1999 және 2004 жылы дүниеге келген төрт азаматты ұстады. Олар өз кінәларын толық мойындады.

24 пен 28 жас аралығындағы күдіктілер Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі қатысушыға қатысты “ешқайда кетпеу туралы” жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірінің бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Қазіргі уақытта істің толық мән-жайларын анықтау үшін барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Шымкенттік журналистер өздерін өрт сөндіруші ретінде сезініп көрді
Келесі пост
Шымкентте құрбандық шалатын орындар белгіленді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu