Жетісай ауданында жедел-профилактикалық іс-шара барысында есірткі заттарын заңсыз еккен және сақтады деген күдікпен жергілікті тұрғын анықталды.
Жедел уәкілдер үйдің ауласын тінту кезінде есірткі заты бар өсімдік түптерін таптқан. Ал моншадан “кептірілген марихуанаға” ұқсас зат тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілген. Қорытындыға сәйкес, есірткі затының жалпы салмағы 20 грамнан асатын “марихуана” болып шықты.
«Бұл факт ҚР ҚК-нің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) және ҚР ҚК-нің 296-бабы (Өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп хабарлады облыстық ПД.
Сондай-ақ ер адамның есірткіні қандай мақсатта сақтағаны анықталуда.