346
Жетісу облысы Алакөл ауданында жол апаты орын алды. Оқиға бүгін, 14 қараша күні Үшарал – Қамысқала автожолында болған. Toyota Camrу автокөлігі жол жиегінде орналасқан ағашқа соғылған.
ІІМ Telegram-каналының жазуынша, көлік салонында бес адам болған. Олардың үшеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккендер дәрігерлердің бақылауында.
Көлікті 47 жастағы ер адам басқарған. Аталған дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.