422
Жыл басынан бері елімізде әскер ғабырғасында 9 суицид дерегі тіркелді. 7 әскери қызметкер өз-өзіне қол салса, 2 курсант суицид жасаған.
Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов Мәжіліс кулуарында тілшілер сауалына жауап беру кезінде айтты.
«Курсанттар әскери институтта құрлық әскерлері мен радиоэлектроника және байланыс мамандығында оқыды. Біреуі демалыста жүргенде мерт болды, себеп – махаббат. Ал екіншісі ата-анасымен түсініспеушіліктен суицид жасаған. Біреуі бесінші курста, екіншісі бірінші курста оқып жатты», – деді вице-министр.