Ардагерлер Кеңесінің төрағаларымен кездесу өтті

269

Ағымдағы жылдың 15 маусымы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жеке құрамының Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан ардагерлер Кеңесінің төрағаларымен кездесуі өтті. Тағылымды кездесуде Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Калиакпар Токушев пен Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков жиналған әскери қызметшілерге Отанға қызметтің маңыздылығы мен ізгі тілектерін жолдады. Шара алдында ардагерлерге «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты мұражай мен әскери қызметшілердің жұмыс барысы таныстырылды.

Ардагерлер өз сөзінде қазіргі таңда аса маңызды мәселелерді көтере отыра, қызмет жолына көз жүгіртті. Ішкі істер органдары ардагерлер кеңесінің төрағасы милиция генерал-майоры Өмірзақ Қоспанұлы осыдан 60 жыл бұрын алғашқы погонын таққан. Қазіргі күнге дейін өзін ширақ ұстап, спортпен айналысады. Мұның барлығы әскери қызметтің арқасы дейді ардагер. Өз кезегінде Ұлттық ұлан ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Калиакпар Токушев өткен шақ пен қазіргі сәтті салыстыра отыра, бүгінгі таңдағы әскери саланың қарқынды дамып, қызметшілерге жақсы жағдай жасалғанына ризашылығын білдіріп, атап өтті. 45 жылын әскери қызметке арнаған ардагер өткеннің ұмытылмайтынын, әскери саланы іштей сағынатынын тілге тиек етті.

Егер әр әскери қызметші өз міндеттерін нақты орындайтын болса, жауынгерлік дайындық, тәртіп және қызмет өз деңгейінде болады. Дегенмен әскери қызметтегі басты талап – тәртіп. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп бекер айтылмаған ғой. Тәртіп жоғарғы деңгейде болса, қызмет барысы да жақсы болмақ. Сол себепті үнемі дайындықта болыңыздар. Сіздерге қызметте де, өмірде де сәттілік тілеймін, – деді ардагер.

Кеш соңында 5517 әскери бөлімі командирі подполковник С.Алкайдаров сөз сөйлеп, өз сөзінде «Жақсы ұстаздан жаман шәкірт шығуы мүмкін емес» деп сөз қорытындылады. Шара соңында ардагер қонақтарға Ақжайық өлкесінің тарихынан сыр шертетін кітаптар сыйға тартылды. Әдемі кездесудің шымылдығы естелік фотосуретке түсумен жабылды.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі.

Алдыңғы пост
Жыл басынан бері Қазақстан әскерінде 9 суицид дерегі тіркелді
Келесі пост
Бір жылдық қызметін абыроймен атқарған сарбаздарға құрмет көрсетілді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu