Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) турнир басталардан екі күн бұрын Катардағы 2022 жылғы Әлем чемпионатының стадиондарында сыраны сатуға тыйым салу туралы шешім қабылдап, ол туралы ресми интернет сайтында жариялады.
Қабылдаушы ел мен FIFA билігі арасындағы келіссөздерден кейін алкогольдік ішімдіктерді сатуды FIFA жанкүйерлер фестиваліне, басқа жанкүйерлер аймақтарына және лицензияланған орындарға шоғырландыру туралы шешім қабылданды, сөйтіп 2022 жылғы әлем чемпионаты өтетін Катар стадионының периметрінен сыра сату нүктелері алып тасталынды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл Катардағы әлем кубогының барлық стадиондарында қолжетімді болып қалатын алкогольсіз сыраны сатуға әсер етпейді.
Қабылдаушы ел мен FIFA билігі стадиондар мен оларға іргелес аумақтар барлық жанкүйерлер үшін құрметті және жағымды уақытты қамтамасыз ететініне көз жеткізуді жалғастырады”, – делінген FIFA хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, Катардағы мундиаль 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді.