383
Британ королі Карл III мен оның әйелі Королева Консорт Камиллаға Йоркте серуендеу кезінде жұмыртқа лақтырылды. Бұл туралы The Guardian хабарлайды.
Йорктегі Елизавета II ескерткішінің ашылуында Ұлыбритания королі Чарльз III мен оның жұбайына үш жұмыртқа лақтырылды.
Жұмыртқалардың ешқайсысы патшаға тиген жоқ. Полицейлер бұзақыны тез арада қолға түсірді. The Guardian басылымының хабарлауынша, оны төрт полиция қызметкері ұстаған.
Ол қамауға алынғанда, ер адам: «Бұл ел құлдардың қанымен салынған!» деп айқайлады.
Корольдік отбасы мүшелері зардап шеккен жоқ.
Жиналған басқа адамдар «Патшаны Құдай сақтасын» және «Ұят» деп ұрандата бастады.