233
Мемлекет басшысы мемлекеттік сапармен Әзірбайжанның Физули қаласына барды. Аталмыш елдің басшысы көлік тізгінін өзі алып, Қасым-Жомарт Тоқаевты алып жүрген.
“Екі ел басшылары Құрманғазы атындағы балалар шығармашылық орталығының ашылу салтанатына қатысып, жергілікті тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ Физули қалалық орталық ауруханасының құрылыс жобасымен танысады. Содан кейін мемлекет басшылары Шуши қаласының әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарын аралайды”, – делінген хабарламада.