Құлсарыда митинг аяқталды

267

Құлсарылық тұрғындардың бір аптаға созылған бас көтеруі аяқталды. Жергілікті әкімдік жағдайдың тұрақталғанын хабарлады.

– Барлық қоғамдық орын әдеттегідей жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккен қала тұрғындарын залалды бағалау нәтижелерімен таныстыратын мобильді топтардың жұмысы жалғасады. Құлсары тұрғындарына №20 қалалық мектеп базасында және №109 байланыс орталығы арқылы тұрақты консультативтік қолдау көрсетіледі. Жергілікті мәдениет үйінде әкімдік пен бағалау нәтижелерімен келіскен қала тұрғындары арасында келісімдерге қол қойылады, – делінген хабарламада.

Митингке шыққан тұрғындарға, мүліктерін әділ бағалауға уәде берілді. Сондықтан, су тасқыны залалын бағалау қорытындысымен таныстыру үшін арнайы топтар жұмыс жасауда.

Айта кетейік, тұрғындар, жеті күн бойы әкімдіктің алдынан кетпей, бас көтерген болатын. Олар су басқан тұрғын үйінің бір шаршы метрін 400 мың теңгеге бағалап, ақшаны өз қолдарына беруді талап еткен еді. Митинг бір аптаға созылды.

Алдыңғы пост
Енді туысыңыздың қайда жерленгенін білуге мүмкіндік бар
Келесі пост
Қасым Жомарт Тоқаев Сингапур Президентінің Istana сарайына келді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu