Лудоманиямен ауыратын азамат бұрынғы некедегі жарын пышақпен қорқытқан

212

Қайғылы жағдай 19 наурызда Сайрам ауданында орын алған.  Жедел басқару орталығына отбасылық жанжал бойынша қоңырау түскен. Тез арада  оқиға орнына жеткен полицейлер,  нәзік жандыны бұрынғы жары пышақпен қорқытып алып кеткенін анықтаған.  Жәбірленушінің айтуынша қызын бұрынғы күйеу баласы кепілге алып кеткен. Яғни, пышақпен қорқытып, өз көлігіне салып алған. Ол аздай,  құзырлы орган өкілдеріне хабарласып, жағдайды баяндаса өлтіретінін айтып қоқан-лоққы жасаған.  Айта кету керек,  ерлі-зайыптылар 2021 жылы ажырасып кеткен екен.

Қыздың туыстары берген бағытнама бойынша, күдікті “Арлан” арнайы жасақ күшімен Асар ықшам ауданының маңында қолға түсті.  Ал, кепілге алынған жәбірленуші босатылды.

Қылмыс кезінде жәбірленуші мойын тұсынан жеңіл дене жарақатын алған. Нәтижесінде, ауруханаға жеткізіліп,  медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Белгілі болғандай күдікті жәбірленушімен бұрын некеде болған, ортақ 3 баласы бар.  Сондай-ақ, күдікті бұрын екі рет сотты болған.  Лудоманиямен ауырады,  Қазіргі таңда, қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Алдыңғы пост
Елтаңбаны өзгертуге қалай қарайсыз?
Келесі пост
3 жастағы қыз жоғалып кетті

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu