Ұлы мен қызын өлтірді деп айыпталған ана неше жылға сотталады?

248

Түркістанда 3 жасар қызы мен 4 жасар ұлын өлтірді деп айыпталған анаға қатысты сот процесі басталды.

Күдікті Қызылордалық келіншек, биыл ақпан айында Шымкент қаласындағы қонақ үйлердің бірінен қолға түскен болатын.

“Түнгі сағат он бірлер шамасында ойын сауық орталығына балаларын апарған әйел, бірер сағаттан соң сол маңдағы жалдамалы пәтерге келеді. Алдымен балаларын ұйықтатып, кейін қызын және ұлын кезекпен дәлізге шығарып, тұншықтырған. Сөйтіп, түнгі бірде балаларды өлтіріп, өзіне де қол салмақ болады. Алайда, ойынан айнып, таңертең Шымкентке шығып кетеді”, – делінген сот актісінде.

Айыпталушы қылмысты күйеуі көңіл бөлмегесін, жоспарлап жасағанын айтқан екен. Ал, оның адвокаты есі дұрыс адам балаларын өлтірмейді деп психиатриялық сараптама тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, сотталушы сот ісін алқа билердің қатысуымен қаралуын қалады.

Айта кетейік, азаматша Қызылода облысы, Шиелі ауданында бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген.

 

Алдыңғы пост
Атырау облысынан өзге өңірлерде су тасқыны аяқталды
Келесі пост
Спорттық бағыттағы жылқылардың қазақы тұқымы көбейтіледі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu