Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын таптағандар кім?

164

Маңғыстау облысының прокуратурасымен инватакси қызметтерін көрсету саласында бұзушылықтар анықталды.

Атап айтқанда, мұқтаж адамдарға инватакси сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін ұсынылған, бұл заң талаптарына сәйкес келмеді деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының, Көлік және коммуникациялар министрінің бұйрығының талаптарына сәйкес инватакси қызметтерін көрсету тек қана мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жергілікті атқарушы органмен жүзеге асырылады.

Алайда, уәкілетті орган бұл міндеттерді,талап етілетін рәсімдерді жүргізбей, коммуналдық мемлекеттік мекемесіне негізсіз жүктеген.

Прокуратура актісі бойынша инватаксидің жұмыс кестесі сәйкестендірілген.

Қызметтер тәулік бойы, оның ішінде демалыс және мереке күндері қолжетімді болды, 3 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамның құқықтары қорғалды.

Қосымша, қызмет алушылардың санаттарын кеңейту, сондай-ақ инватакси қызметтерін көрсетуге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жүргізу жоспарлануда.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының және аудандық бөлімдерінің басшылары тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар инватакси санын ұлғайту және мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдауда.

 

Алдыңғы пост
Орта жастағы әйел теміржол вокзалында бұзақылық жасады
Келесі пост
Кәмелетке толмаған бала нені білуі керек?

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu