Мәсімовтың үйі аукционда өтпей қалды

72

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің үйі аукционның бірінші сатылымында өтпей қалды.

“Аукцион басталған сәтте сату объектісі бойынша аукцион залында бірде-бір қатысушы тіркелмеген. Аукцион залында ешбір қатысушы бастапқы бағаны растамаған”, – деп жазылған мәлімдемеде.

Баспана, Нұра ауданында Ерейментау көшесі, 1 мекенжайында орналасқан. Жертөлесі бар тұрғын үй.

Естеріңізде болса, екі қабатты үйдің сатылатыны жайында жазған болатынбыз. Үйдің жалпы ауданы – 2877,7 шаршы метр. Құны 1 883 338 958 теңге деп бағаланған. Сонымен қатар әлеуетті сатып алушы 117 960 теңге көлемінде кепілдік жарнасын төлеуі қажет болған.

Айта кетейік, мүлікті сатуға қайтарылған активтерді басқару компаниясы шығарды.

Алдыңғы пост
Жасөспірімді соққыға жығып, тепкінің астына алған балаларға қатысты комиссия шешімі шықты
Келесі пост
«Жұлдызай» және «Аяулым» қаржы пирамидаларын ұйымдастырғандар сотталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu