Бәйдібек аудандық мәслихатының депутаты Ерғали Аманбаев жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушыға бірден алты бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша тәртіп сақшылары оның көлігін айыппұл тұрағына жеткізді.
«Полиция жол ережесін өрескел бұзған жүргізушіні анықтады. Тексеру нәтижесімен ол ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалған тіркеу нөмірлері бар көлік құралын басқару, қарсы жолақпен қозғалыс, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, тыйым салынған орындарда кері жүру, сондай-ақ қозғалыс алдындағы сигнал беру талабын орындамау. Құқық бұзушының көлігі айыппұл тұрағына қамалды»,-деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаменті.