21
Мектеп оқушыларының улануына байланысты асхана меңгерушісі кінәлі деп танылды. Айыпталушы қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсеткен жеке кәсіпкер бола отырып, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды өрескел бұзған.
Соның салдарынан мектеп асханасында 182 оқушы уланған.
Оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оған қоса ол 3,5 жыл мерзімге қоғамдық тамақтану саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды.