​Елорда тұрғыны дүкеннен жаңа аяқ киімді ұрлап, орнына ескісін қалдырып кеткен

Теги: ,
221

Астанада Бөгенбай батыр даңғылындағы аяқ киім дүкенінде белігісіз біреудің жаңа аяқ киімді киіп, ескісін қорапқа салып, қалдырып кеткен сәті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бұл туралы полицияға дүкен қызметкері хабарласып айтқан.

Кейінірек күдікті дәріханаға кіріп, сөреден екі дана памперсті алып, далаға шығып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 18 жасар тұрғын ұсталды.

«Ұрланған мүлік жартылай тәркіленді. Күдіктінің тағы екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жас жігіт кінәсін мойындап отыр»,-деді Полиция департаментіндегілер.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Полицейлер оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

Алдыңғы пост
​Сарыағаштық жүргізуші жолдың қарсы бетіне шығып, көлікпен жүйткіген
Келесі пост
​Қостанайда екі есірткі зертханасы жойылып, 5 адам ұсталды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu