Маңғыстауда ұлттық киімнен әлемдік рекорд орнады

195

«Best Fest Nauryz» атауымен өткен шараға 5500-ден астам адам тіркеліп, қазақ халқының мәдени мұрасын әлемдік деңгейде насихаттаған.

Олар, «Қазақ ұлттық киіміндегі ең көп адам» номинациясы бойынша Гиннес рекордын орнатты.

Мерекеге Ұлыбританиядан арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының ресми өкілдері есеп жүргізіп, облыс әкіміне сертификат табыс етті.

«Ұлыстың ұлы күнінде тарихи сәттің куәсі болып отырмыз. Қазақ халқының терең тарихы мен бай мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрімізді жер жаһанға паш еттік. Маңғаз Маңғыстауымызда қазақтың ұлттық киімінен әлемдік рекорд орнады. Осынау зор жетістікпенен барша отандастарымызды құттықтаймын! Қазақ халқының мәдениетін насихаттауға атсалысқан бастамашы топқа, Лондон қаласынан арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілдеріне және рекорд орнатуға үлес қосқан барша қатысушыларға алғысымды білдіремін!»,-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, наурыз мерекесіне орай, Ақтауда теңіз жағалауында 30 киіз үй тігіліп, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, ұлттық спорттық ойындардан сайыс өткізілді.

Алдыңғы пост
Түркияда бір күнде 343 адам ұсталды
Келесі пост
Шардарада жарылыс орын алып, екі адам қайтыс болды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu