Құмар ойын ұйымдастырған 7 мыңға жуық интернет ресурсы бұғатталды

295

Туризм және спорт министрлігі заңсыз лотерея қызметін анықтау және тосқауыл қою бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Биыл жыл басынан бері заңсыз лотерея ұйымдастыратындарға қатысты 103 әкімшілік хаттама толтырылды. Сот талқылауы нәтижесінде 48 жеке тұлға жауапқа тартылып, қалған істерді қарау жалғасып жатыр.

Тиісті органдар, заңсыз қызмет белгілері бар 11 417 интернет-ресурсын анықтады. Оның ішінде 6 639 ресурс бұғатталды, 1 237-сі өңдеу сатысында, 1 961-і қолжетімсіз, 1 353 ресурста құқық бұзушылық белгілері жоқ, ал 227-сін Мемлекеттік техникалық қызмет пилоттық режимде бұғаттады.

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы ойын бизнесі туралы заңнамаға енгізілген түзетулерге қол қойған болатын. Тіпті, азаматтардың жекелеген санаттары үшін құмар ойындарға қатысты шектеулер белгілен еді. Мәселен, заңда адамдардың құмар ойындарға қатысуын 21 жасқа дейін, борышкерлер тізіліміне енгізілген адамдарды шектеу, өзін-өзі шектеу мүмкіндігі, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер, құқық қорғау және арнаулы ұйымдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың басшылары үшін ойындарға тыйым салу көзделеді.

Алдыңғы пост
Нұрдәулет Жұмағали – Паралимпия ойындарының күміс жүлдегері
Келесі пост
Майқайың кенішінде қайтыс болған құтқарушының туыстары компаниядан 120 млн теңге өндіріп алды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu