Қостанайлық әйел 75 жастағы зейнеткерді алтын үшін өлтіріп кетті

Теги:
271

Қостанайда 75 жастағы зейнеткерді үйінің алдында өлтіріп кетті. Қала тұрғыны көпқабатты үйдің кіреберісінен әйел адамның мәйіті табылғаны туралы полицияға хабарлаған. Ол бірден жедел жәрдем мен полицияны шақырған. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Екі сағаттан кейін кісі өлтіру ісі бойынша қылмыс ашылған. Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков күдікті жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұсталғанын атап өтті. Ол 45 жаста, жұмыс істемейтін әйел азаматы. Одан заттай дәлелдемелер алынды.

Анықталғандай, 75 жастағы әйел қонақтан үйіне қайта келе жатқанда оның үстінде алтын әшекейлер болған. Күдікті зейнеткердің подъезге кіргенін көріп, оның соңынан ерген. Содан пышақ жарақатын салып, алқаны жұлып әкеткен. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Пайдакүнемдік ниетпен өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алдыңғы пост
Бауыржан ӘЛТЕЕВ, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің төрағасы : «БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН ЖАҢА БАСТАМА ҚОЛҒА АЛЫНАДЫ»
Келесі пост
Министрлік бала күтімі бойынша 1,5 жасқа дейінгі әлеуметтік төлем қалай жүргізілетінін түсіндірді

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu