Мас күйінде көлік жүргізгендердің жазасы жеңілдейді ме? 

119

Халық қалаулысы, Марат Қожаевтың сөзіне сенсек, көлікті мас халде басқарып, қолға түскендерге берілетін жаза тым ауыр көрінеді. Оның айтуырша, жазаның қатаң болуы жемқорлық қаупін күшейтеді екен. Қазіргі таңда, жол ережесін бұзғандарды анықтайтын жүйе жаңарды. Сондықтан, бұл ұсынысты орынды деп ойлаймын деді.

Бұған дейін депутат, Марат Қожаев, жүргізушілерге салынатын айыппұлдың 50 пайызын алып тастау мәселесіне де тоқталған болатын. Ол өз ойын, байдың балалары үшін 50% айыппұл түк емес деп түсіндірді. Яғни, қалталылар жол ережесін бұзып, ақшамен құтылады дейді.

“Тек 2024 жылдың өзінде Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 92%-ға артық. Иә, тәртіп бұзушыларға айыппұл салынады. Бірақ бұл “жүргізушінің көлік жүргізу тарихын есепке алмай” жасалады. Ал қымбат көлік мінген жүргізушілер жылына 100 және одан да көп тәртіп бұзушылық жасап, миллиондап айыппұл төлейді. Олар ережені елемей, төтенше жағдай туғызады”, – деді депутат.

Айта кетейік, егер азамат көлікті масаң күйде басқарма, 15 тәулікке қамалып, 7 жылға дейін көлік басқару құқығынан айырылады.

Алдыңғы пост
Алғаш ораза ұстаған жан нені білу керек?
Келесі пост
Су тасқынына қарсы дайындық күшейтілуде

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu