Оқу-ағарту министрлігінің мәліметіне сәйкес, екі жыл ішінде елімізде 510 мың оқушы орнына арналған 422 мектеп салынып, рекордтық көрсеткішке ие болған. Бұл 32 апатты және 71 үшауысымды мектеп мәселесін шешіп, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығын жоюға мүмкіндік берді дейді мамандар.
Айта кетейік, «Жайлы мектеп» жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.
Кейбір өңірлерде білім деңгейі ақсап тұрғаны рас. Мәселен, Шымкент қаласы бойынша, білім деңгейінің төмендігіне байлынысты әлеуметтік желі де шу шықты. Қала әкімнің орынбасарының айтуынша, кейбір мектеп мұғалімдері сыннан сүрінген. Демек, ұстаздың өзі шалыс басса, оқушы қайда барады.
Десе де, бұған дейін білім көрсеткіші көңіл көншітерлік болып келген. Соған қарағанда, алдыңғы басшылар, қағаз жүзінде қатырып келген сыңайлы.
Сіз не дейсіз?