300
Сапар барысында Президент өңірдің қарғын су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көріп, эвакуацияланған тұрғындармен кездеседі. Сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізеді деп хабарлады Ақорда.
Айта кетейік, еліміздің оннан астам облысын су басып, бірнеше ауылдар су астында қалды. Еріген қар суы арнасына сыймай ірі қаралар да қырылып қалды. Адамдарды аман алып қалу мақсатында, билік барынша эвакуациялнды. Ал кейбір ауыл тұрғындары құтқарушыларға көмек беріп, қол ұшын созды. Су тасқыны кезеңінде барлығы 15 786 адам эвакуацияланған, оның 6 187-сі балалар, зардап шеккендер жоқ. Уақытша орналастыру орталықтарында 4113 адам, оның ішінде 1911 бала бар. Бірақ, өкінішке орай, 4 адам із-түссіз кетті.