Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізді

275

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті деп хабарлады Ақорда.

Жиында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Ішкі істер министрі Ержан Сәденов және Бас прокурор Берік Асылов қазіргі халықаралық жағдайды ескере отырып, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің өзекті мәселелері жөнінде баяндады.

Отырыс барысында құқық қорғау және арнайы органдар қызметінің терроризмге қарсы күресті күшейту бойынша түрлі аспектілері қарастырылды.

Мемлекет басшысы ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыруға бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Алдыңғы пост
Ақтөбе облысында 10 жастағы қыз көлік салонында тірідей өртеніп кетті
Келесі пост
Парижде Паралимпиада ойындары ресми түрде ашылды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu