Мемлекет басшысы елімізге еңбегі сіңгендерді марапаттау жарлығына қол қойды 

121

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойды.

1. Отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КеАҚ вице-президенті Жұмаділдаев Асқар Серқұлұлына тапсырылды;

2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені Алматы қаласы, «№4 арнайы мектеп-интернат» КММ мұғалімі Нұрпейісова Гүлжанар Молдакерімқызына және Орал қаласы, «Асан Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназия» КММ мұғалімі Траисова Эльмара Асқарқызына тапсырылды;

3. Өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз Қарағанды облысы, «Шахтерское» ЖШС директоры Прокоп Георгий Георгиевичке тапсырылды.

Сондай-ақ, Республика күні қарсаңында бірнеше азаматтың талай жылғы еңбегі бағаланды. Мәселен, «Барыс», «Парасат», «Құрмет» сынды ордендері табысталды.

Алдыңғы пост
Талғардағы көліктер жаппай тексеріліп жатыр: Зорлық жасаған күдікті изолятордан қашып кеткен
Келесі пост
Студенттер мен зейнеткерлер «дроп» ретінде заңсыз ақша айналымына қатысқан

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu