Шымкентте тәжік елінің ауыл шаруашылығы өнімдері және өнеркәсіп тауарларының жәрмеңкесі өтеді

236

2023 жылдың 26-27 тамыз күндері Шымкент қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндерін ұйымдастыру іс-шаралар аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты – іскерлік кәсіпкерлік бағыттағы ынтымақтастықты арттыру, екі ел арасындағы достықты нығайтып, сауда саласында тәжірибе алмасу.

Тәжікстандық кәсіпкерлер көрмеге ауылшаруашылық өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларын ұсынады. Атап айтқанда: ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде:

– 189 тонна жемістер – анар, алмұрттың 5 түрі, алманың 6 түрі, шабдалының 5 түрі, қара өріктің  3 түрі, жүзімнің 8 түрі,

– 46 тонна кептірілген жемістер – кептірілген өрік, мейіз, пісте, бадам, өзге де  кептірілген жемістер;

– 85 тонна бақша өнімдері – қауынның 8 түрі, қарбыздың 4 түрі,  асқабақтың 5 түрі;

– 248 тонна көкөніс өнімдері – 6 түрлі қызанақ, 3 түрлі қияр, пияз (4 түрі), болгар бұрышы (2 түрі), қырыққабат (2 түрі), гүлді қырыққабат (2 түрі), картоп, кәді, қызылша, баялды;

– 8 тонна бал.

Екінші, 13 тонна өнеркәсіптік тауарлар:

– газдалған және газдалмаған сусындар;

– энергетикалық сусындар;

– шырындар;

– консервіленген жемістер;

– консервіленген көкөністер;

– кондитерлік өнімдер.

Сонымен қатар қала тұрғындары Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм тата алады.

Көрме-жәрмеңкенің өтетін орны: Нұрсәт шағын ауданы,  «Көрме» орталығы, Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы

Ескерту: Аптаның әр сенбі күні жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында өткізілетін азық-түлік жәрмеңкесі стадион аумағында  (шығыс трибуна беті) орналасқан «Аламан» ойын алаңшасының алдында өтетін болады.

Айта кету керек, бұған дейін, Алтынтөбе тұрғын алабында өткен “Дала күні” көшпелі семинарында ауыл шаруашылығы саласының мамандары мен жергілікті шаруа қожалықтарының өкілдері саланы дамыту бағытында пікір алмасты.

Агросектордағы озық тәжірибелер талқыланған жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысты. Ауыл шаруашылығының өзекті мәселелері қарастырылған басқосуда үй іргелік жерлерді бақшаға пайдалану әдісі, сол арқылы халықтың табысын арттыру тетіктері пысықталды. Сондай-ақ аграрлар озық технологиялармен көкөніс дақылдарын өндіру, биогумустан тыңайтқыш дайындау технологиясы, тамшылатып суғару әдістеріне қатысты кластерлі жобалар тақырыбында пікір алмасты.

Бүгінде мегаполисте Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығын дамытудың кешенді жобалары жүзеге асырылуда. Нәтижесінде 91 кластерлі жобаның тізімі бекітіліп,  62 жоба іске асырылды. Құлпынай, ащы бұрыш, көкөніс өсіру, мал бордақылау, бал ара шаруашылығы, балық шаруашылығы бағытындағы жобалар қазірден тиімділігін көрсетуде.

Алдыңғы пост
Шымкентте екі бүлдіршін 4-ші қабаттан құлап кетті
Келесі пост
Бір өңір-бір бағыт: жаңа оқу жылына қойылатын маңызды міндеттер айқындалды

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu