«Аналар саулығы» және заманауи перинаталдық орталықтар құрылысы бойынша Үкіметте Президент тапсырмаларын орындау мәселелері қаралды.
«Мемлекет басшысы заманауи перинаталдық орталықтар құрылысын жалғастыруды тапсырды. Осы жылдың 1 қарашасына дейін барлық қажетті құжаттаманы дайындау жұмыстарын аяқтап, Шымкент пен Қарағандыда осындай орталықтардың құрылысын бастау қажет. Әйелдерді жүктілікке дайындауға, ауруларды уақтылы диагностикалау мен сауықтыруға бағытталған «Аналар саулығы» бағдарламасын сапалы әрі барлық өңірде толыққанды іске асыру керек. Еліміздің орталығынан ең шалғайдағы ауылдарына дейін барлық тұрғынның сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуын қамтамасыз ету қажет»,- деп атап өтті Олжас Бектенов.
Аталған жұмыстардың барлығында орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік органдардың іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығы айтылды.