9
Абай облысының Үржар ауданына жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясына тиесілі С-295 ұшағымен дәрігерлер көмекке барды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Абай облысы Үржар ауданында жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көлік авиациясының ұшағымен құрамында реаниматолог, нейрохирург және травматолог бар медициналық бригада ұшты»,-деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.