215
Әлеуметтік желіде үстіне шапан киіп, қолына пышақ ұстаған адамның полиция қызметкерлеріне шабуылдаған видеосы тарады.
Құзырлы орган өкілдері, суық қару ұстаған азаматтан, орындық арқылы қорғануға тырысқан. Тіпті, орындықты алып, бірінен соң бірі лақтырып жібереді.
Фото: видеодан алынды
Полицейлер күдіктіні ұстағанын мәлімдеді. Ол 2006 жылдан бері психоневрологиялық диспансерде есепте тұратын 36 жастағы ер адам болып шықты. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.