Милан-2026: Шорт-тректен Ұлттық құраманың сапалы дайындығы басты назарда

12

Қазір шорт-тректен Қазақстан құрамасы Астанадағы «Алау» мұзайдынында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Бұл Милан Олимпиадасына даярлықтың үшінші кезеңі деп хабарлады ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Атап айтарлығы, спорттың бұл түрінен осыған дейінгі Олимпиадалар кезінде біздің командада мұндай жан-жақты жұмыс жүргізілмеген.

Ұлттық құрамадағы оң өзгерістер:

1. Былтырдан бастап Ұлттық құрама бас бапкерінің кеңесшісі ретінде ТОП бапкер Вильма Бумстра жұмыс істейді. Нидерланд маманы өз елінің және АҚШ командасымен ірі жарыстарда жоғары нәтиже көрсеткен.

2. Енді болгариялық дәрігері Эмиль Трифонов біздің спортшылармен бірге. Ол осыған дейін 2 Олимпиада қарсаңында халықаралық допингке қарсы агенттікте қызмет атқарған. Бүгінде бірнеше араб елдерінің Олимпиада комитетіне, ТОП футболшыларға қайта қалыпқа келу бойынша кеңес береді. Трифоновтың мол тәжірибесі қазақ спортшыларына фармакология жағынан септеседі.

3. Ұлттық құраманың сервисмендер қатары ТОП механикпен толықты. Эмре Эмиль Бейжіңдегі ойындарда Мажарстан құрамасымен жұмыс істеп, тұңғыш Олимпиада чемпионын шығаруға атсалысқан.

Бүгінде мұндай жүйелі жұмыс саладағы вертикальды билік жүйесінің түзілуі мен жаңа заңнамалық өзгерістердің арқасында мүмкін болып отыр.

Алдыңғы пост
Перизат Қайраттың ісі сотқа жолданды
Келесі пост
Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu