Бір жылдық қызметін абыроймен атқарған сарбаздарға құрмет көрсетілді

275

Маусым айының 15 жұлдызы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы  «Батыс» өңірлік қолбасшылығының Орал қаласында орналасқан 5517 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп үйлеріне оралғалы отырған сарбаздарға құрмет көрсетілді.

Шара шымылдығы 5517 әскери бөлімі командирі подполковник С.Алкайдаровтың құттықтау сөзімен басталып,  әскери қызметте өзін жоғарғы деңгейде көрсеткен сарбаздардыңмарапатталуымен жалғасты. Бөлім командиріподполковник Сағындық Алқайдаров өз сөзінде:

Бір жыл ішінде көптеген оқу-жаттығуларға қатысып, көп нәрсені үйрендіңіздер. Әскери өмірдің қиындығына қарамастан бір жылды артқа тастап, міне бүгін үйлеріңізге, жақындарыңызға қайтпақшысыздар. Сарбаздар, өмірде ұмытылмайтын нәрселер бар. Соның ішінде әсери ант қабылдап, елге қызмет қылған сәттер жадыда мәңгіге сақталады. Болашақта «Мен еліме қызмет қылдым, сен де мен секілді борышыңды өте» деп мақтанышпен айта аласыздар. Араларыңызда болашақ әскери қызметшілер де бар шығар. Қатарымызға қосылып, елге адал қызмет етсеңіздер біз тек мақтан қыламыз. Қайда жүрсеңіздер де адалынан жүріп, елге қызмет қылыңыздар, – деп сарбаздарды құттықтап, сенім білдірді.

Сондай-ақ, игі шараға Орал қаласы Төтенше жағдайлар басқармасынан, полиция бөлімінен, Орал қалалық ішкі саясат бөлімі мен жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтан мамандарқатысып, сарбаздарға жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар кеш қонақтары да қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосқан сарбаздарға алғыс хаттарын табыстады. Өз кезегінде сарбаздар атынан қатардағы Әлішер Саматай сөз сөйлеп, әскери істі меңгеруде, сарбаз ретінде қалыптасуда ықпал еткен үлкен-кіші командирлерге, үнемі қолдап жанынан табылған ата-ана, жақындарына және қызметтес жолдастарына алғысын айтты.

        –Ең алдымен алғысымды 5517 әскери бөлімінің басшылығына білдіргім келеді. Сіздердің дұрыс берген бағдарларыңыздың, білімдеріңіздің және тактикалық сабақтардың арқасында біздің қызмет барысында ешқандай оқыс оқиға болған жоқ және Отан алдындағы борышымыздыабыроймен атқардық. Әскердегі күндер ер жігіттің өміріндегі ең қызықты әрі естен кетпес сәттері дейді ғой. Өзімнің қарулас достарыммен әскердегі 365 күнімді өткізгеніме қуаныштымын. Барлық қарулас достарымды әскери борыштарынабыроймен аяқтауымен құттықтаймын, – деп жүрек жарды лебізін білдірді.  

Әдемі кеш мерекелік концертпен жалғасты. Мерекелік концерт соңында әсем әнмен сүйемелденген сарбаздардың қызмет жолындағы және демалыс уақытындағы қуанышты сәттері таспаланған бейнеролик жиналған қауымға ерекше әсер етті. Шара соңында сарбаздар мен кеш қонақтары естелік фотосуретке түсті.

ҚР ҰҰ «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алдыңғы пост
Ардагерлер Кеңесінің төрағаларымен кездесу өтті
Келесі пост
Шымкент жылыту маусымына дайындалуда

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Fill out this field
Fill out this field
Please enter a valid email address.
You need to agree with the terms to proceed

Видео

Қала әкімі кезекті қабылдауын өткізді

Күннің жаңалықтары

Оқырмандар арасында танымал

Редакторлар бағандары

Барлық тегтер

Menu